Компания туралы


kazintrust лого2006 жылы «KAZINTRUST» ЖШС 100 %-дық қазақстандық қамтумен ашылды. 10 жылдан астам уақыт ішінде компания жеке қорғану құралдарын жеткізу және сервистық қызметтер көрсету нарығында сенімді жеткізуші ретінде өзін танытты. Компанияның негізгі қызметі: жеке қорғану құралдары мен жабдықтары сияқты оқшаулауғыш және сүзгіш ТАОҚҚ(Тыныс Алу Органдарын Қорғау Құралы), бас, бет, көз және құлақты қорғау өнімдерін ұсыну, биікте жұмыс істеу үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету, портативті газ анализаторларын, стационарлық газ және жалынды анықтау жүйелерін, қорғаныш киімдерін жеткізу, техникалық көмек көрсету. Компания келесі әлемдік өндірушілердің ресми дистрибьюторы болып табылады: «The MSA Safety», «General Monitors», «Senscient», «Latchways», «DAPRO». Сонымен қатар,  «Kazintrust» ЖШС компаниясы өндірістік объектілерде күкірттісутекті ерте анықтау жүйесі және жұмыс кезіндегі оның мониторингіне мамандандырылу арқылы қызметкерлерді күкірттісутектің ықпалынан қорғау қызметтерін ұсынады, осылайша толық қорғауды қамтамасыз етеді.