ЕҚ ҚТ ҚОҚ


«KAZINTRUST» ЖШС компанияның кез-келген жобаларын іске асыру барысындағы  толық әлеуметтік, экономикалық және экологиялық жауапкершілікті мойындайды. Еңбекті қорғау, өндірістік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласында «KAZINTRUST» ЖШС Қазақстандық заңнаманың және халықаралық құқықтың талаптарын негізге алады. Компания қызметкерлерге қауіпсіз және салауатты жұмыс ортасын құру, төтенше жағдайлар мен апаттар қаупін барынша азайту үшін заманауи технологияларды және қазіргі заманғы өндірістік әдістерді қолданады. 2012 жылы келесі стандарттар енгізіліп, табысты қолданылған болатын: сапа менеджмент жүйесі – ISO 9001, экологиялық менеджмент жүйесі – ISO 14001, денсаулық пен қауіпсіздік менеджмент жүйесі – OHSAS 18001.