ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ КҮКІРТСУТЕКТІҢ ӘСЕРІНЕН ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІ


Қазақстан әлемде мұнай қоры бойынша 12-ші және газ қоры бойынша 21-ші орынды алады. Қазақстан аумағында көптеген мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау мен қолдану, сонымен қатар, түрлі ұңғымалық операциялар жүзеге асырылатын кен орындары орналасқан. Ұңғымаларды бұрғылау мен қолдану операцияларын орындауға байланысты адамның өміріне қауіп төндіретін көптеген қауіп-қатерлер бар, ұңғымалық операциялар кезіндегі маңызды қауіп-қатерлердің бірі – бұл күкіртсутектің пайда болуы. Күкіртсутек – төмен концентрацияда шіріген жұмыртқаның иісі шығатын және денсаулыққа ауыр зиян келтіретін түссіз улы газ.
Біздің компания сізге мезгілінен бұрын газдың шығу қаупін анықтап ескертетін күкіртсутектен қорғау кешенін ұсынады, осылайша қауіпті аймақта жұмыс істейтін қызметкерлер қауіпсіздікпен қамтамасыз етіледі. Кешен мониторинг станциясы мен келесі арнаулы құрал-жабдықтардан тұрады: басқару панелі, жарылғыш және улы газдарды анықтауға арналған стационарлық детекторлар, портативті детекторлар, эвакуация және құтқару мақсаттарына арналған ауамен тыныс алу аппараттары, ауа компрессорлары, сығылған ауаны жинау және жеткізу жүйесі.